"Өзіміз ауырмасақ болды ма?! Аяқтан шалмай, көмек берсек - нәтиже береді" дейді профессор әрі жазушы.
Шымкенттік жазушы 4 бірдей орынбасары сырқаттанып қалған Мұрат Әйтеновке қолдау білдіруге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құлбек Ергөбек миллионды шаһар тұрғындарына арналған жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.
Құлбек Ергөбек - әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы және профессор. Ол қазақ поэзиясы, прозасы, жеке шығарманың жазылу тарихы, жазушы шеберханасы мәселелеріне арналған «Жан жылуы», «Мейірім шуағы», «Қазақ совет балалар жазушылары», «Сәбит Мұқанов» секілді өзге де деректі повестерінің авторы және аудармашы.
Айта кетейік, Мұрат Айтеновтің бес орынбасарының төртеуі ауырып қалуына байланысты демалыс алған болатын.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен әкім орынбасары Алмасбек Мамытбеков пневмониямен ауырып, ауруханада ем алуда.
Әкімнің тағы екі орынбасары Нұрсадық Ергешбек пен Мақсұт Исахов та ауырып қалуына байланысты демалыс алған. Бірақ олардың қандай ауру түрімен ауырып жатқаны әзірге нақтыланбаған.
4 орынбасары да сырқаттанып қалуына байланысты Әйтеновтің бесінші орынбасары - Бауыржан Мамыталиев қазір әкімдікте жұмыс істеуде.