ҚХА құрылымдарының басшылары Шымкент этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесті

0
434

Іс-шараға Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин және қала әкімінің орынбасары Ш. Мұқан қатысты.


ҚХА құрылымдарының басшылары Шымкент этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесті

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА құрылымдарының басшыларымен және қаланың этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин және қала әкімінің орынбасары Ш. Мұқан қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуы мәселелері, сондай-ақ өңірдегі этносаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.
М.Әзілханов Президенттің жаңа Жолдауының ерекше маңыздылығын, Жолдаудың «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталатын жетінші бөлімі татулық пен келісім саясаты мәселелеріне арналғанына айрықша тоқталды.
«Биылғы Жолдау – ел бірлігін сақтаудың маңызын және Тәуелсіздікті нығайту қажеттілігін ұғындыратын айрықша құжат. Баршамызды біріктіретін құндылықтардың арқасында біз 30 жыл татулық пен келісімде өмір сүріп келеміз, тәуелсіз Қазақстанды құрдық, Тәуелсіздіктің ұрпағын өсірдік», - деп атап өтті спикер. Ол қалалық ассамблея өкілдерін жаңа Жолдауды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.
М. Әзілханов атап өткендей, Шымкент қаласының ҚХА ағартушылық және әлеуметтік-бағдарлық жұмысқа баса назар аударуы тиіс, этномәдени бірлестіктер және олардың белсенділері – өз этностарының топтарымен өзара тығыз іс-қимыл жасауға, қызметтің жаңа нысандарын қарастыруға бағытталуы аса маңызды.
Қалалық ҚХА, «Қоғамдық келісім» мекемелері мен Достық үйлерінің қызметін жобалық тәсілдеме мен мәні қағидатында қайта құру қажет, өңірлерде этносаралық қатынастарға теріс әсер ететін нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық берілуі тиіс.
Іс-шарада ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қалалық штабының тиімді қызметін қамтамасыз ету, тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Өңірлік деңгейде жастар саясатын іске асыруда оның кешенді ықпалдасуын қамтамасыз еткен жөн.