ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Шымкенттік жастармен кездесті

0
646

Қаратау ауданды Жастар ресурстық орталығының жұмыс барысымен танысты.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Шымкенттік жастармен кездесті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Қуанышұлы Умаров Шымкент қаласына іс-сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс - сапар барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының төрт ауданынан ашылған орталықтың бірі Қаратау ауданды жастар ресурстық орталығының жұмыс барысымен танысты. Онда жас мамандармен және атқарылған жұмыстарымен танысып, жастар мәселелерін талқылап, қызметкерлердің ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Сондай-ақ кездесуде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар ресурстық орталықтарының I алқалы» отырысына ZOOM видео-байланыс ақпараттық жүйесі арқылы қатысты.