​ҚР Президентінің Жолдауы: Шымкенттегі Ж.Тәшенов университетінде кездесу өтті

0
524

Жиын соңында студенттер сұрақ-жауап алмасып,ой-пікірлерін білдірді.


​ҚР Президентінің Жолдауы: Шымкенттегі Ж.Тәшенов университетінде кездесу өтті

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Ж.Тәшенов атындағы университетінде кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

1 қыркүйекте жарияланған жаңа бағдарламалық құжат әртүрлі салаларды қамтиды. Жолдаудағы өзгерістер әлеуметтік салаға да, бірқатар заңнамалық шараларға да әсер етеді. Қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев өз сөзінде Жолдаудың басым бағыттарын кеңінен әңгімелеп, «Еліміздің басты құндылығы – адам» екеніне ерекше тоқталды.

«Ұлттық сипаттағы реформалар көп талқыланды. Қазақстандықтар 2024 жылдан бастап баланың шотына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызынан төлем түссе, мемлекет оларды қалай қолдауға болатынын белсенді түрде қарастыруда. Ал жастарға ең төменгі мөлшерлемемен – жылдық 2,5 пайызбен несие уәде етілді. Бұл несиелер он мыңдаған жас қазақстандықтарға кәсіпкерлікте бағын сынауға көмектесуі тиіс», - деді спикер.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент филиалының доценті Сәуле Рыспаева мемлекет алдында ашықтық, сенім және жариялылық арқылы жаңа Қазақстанды құру бойынша басым міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Бұл қоғамның негізгі құндылықтары. Сонымен қатар, біз ұлтаралық келісімді қорғауымыз керек. Айналамызда күрделі геосаяси және экономикалық жәйттер тұр, біз Қазақстандағы – тұрақты дамуды, бейбітшілік пен өркендеуді қастерлеп, бағалауымыз керек», - деді С.Рыспаева.

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшы Гүлбақыт Дулатова Елбасы Жолдауының республикалық және халықаралық ауқымдағы ең маңызды құжат екеніне назар аударды.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында саяси жаңғыртудың жалғасы болып саналатын экономикалық реформаларға ерекше назар аударды. Ең алдымен мемлекет барлығына тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етеді. Қоғамдық игіліктердің жоғары деңгейіне және халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға кепілдік беріледі. Осы жолғы халыққа жолдауында жиі айтылатын сөздердің бірі – Әділетті Қазақстан. Әңгіме ұлттық байлықты бөлудегі жаңа, адал көзқарас туралы болды. Сондықтан бүгінгі таңда студенттер мен мұғалімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет», - деді Г.Дулатова.

Жиын соңында студенттер сұрақ-жауап алмасып,ой-пікірлерін білдірді.