«Қаратау» ұлт аспаптар оркестірінің домбырашылары Сүндет Абдужаппаров I-орын иемденсе Нышан Әліби III-орынды қанжығаға байлады.
Шымкенттік домбырашылар жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атырау қаласының ұйымдастыруымен Қаршыға Ахмедияров атындағы «Күй -Ұран» халықаралық жеке домбырашылар және халық аспаптарында орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті.
Аталған байқауда Шымкент қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қаратау» ұлт аспаптар оркестірінің домбырашылары Сүндет Абдужаппаров I-орын иемденсе Нышан Әліби III-орынды қанжығаға байлады.