«Күй анасы-Дина»: Шымкентте өнерлі жастардың қатысуымен әдеби кеш өтті

0
548

Талантты жастар Динананың «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» атты күйлерін шертіп, Құрманғазының әлемге әйгілі үздік туындыларын орындады.


«Күй анасы-Дина»: Шымкентте өнерлі жастардың қатысуымен әдеби кеш өтті

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» орталығында 1 қазан – Халықаралық музыка күніне орай күйші-композитор, Қазақ КСР Халық әртісі, ұлы күйші Құрманғазының шәкірті Дина Нүрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Күй анасы-Дина» атты әдеби-сазды кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған Кеш «Домбырашы қыз» деректіфильмнен басталды. Іс-шараның арнайы қонағы ұстаз-домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалмахан Омар болды.

Б.Өтеп атындағы өнер мектебінің өнерлі, талантты жастары Динананың «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» атты күйлерін шертіп, Құрманғазының әлемге әйгілі үздік туындыларын орындады.

Кітапхана оқырмандары М.Хакімжанованың «Ана сыры» Дина Нұрпейісоваға арнауынан әдеби-композициясын ұсынды. Сонымен қатар, халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі- дәстүрлі халық әндері орындалап көпшілік бір серпіліп, кештен рухани азық алып тарқасты.