Шаһар ұстаздары электронды журналды жетік меңгерген.
Шымкент қаласы “kundelik.kz” электрондық журналын жүргізу бойынша елімізде көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаһар ұстаздары электронды журналды жетік меңгерген. Соның нәтижесінде 2020-2021 оқу жылында 2 рет, 2021-2022 оқу жылында 2 рет, енді міне, биылғы оқу жылының І жартыжылдығы бойынша да топ бастады.
Айта кетейік, электронды жүйеде педагогтер журналды жүргізіп, оқушы күнделіктері мен жүйедегі бейнесабақтарды көре алады. Ал, ата-аналар өз балаларының бағаларын, сабақ кестесі мен пәндерге қатысуын бақылай алады.