«Қылмыссыз ұрпақ – қайырымды қала: Е.Айтаханов Шымкент жастармен кездесті

0
1 519

Ерлан Қуанышұлы бұл бастама жалғасатынына уәде етті.


«Қылмыссыз ұрпақ – қайырымды қала: Е.Айтаханов Шымкент жастармен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойыншажастармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған тақырып аясында қала әкімі Е.Айтаханов пен танымал спортшылар А.Оспанов және Б.Жақыпов сондай-ақ№167/2 түзеу мекемесінің бастығы Есқұлов Мырзағали шымкенттік жастармен бейресми форматта кездесті. Құрамы түрлі салалардан жинақталған азаматтар бүгінгі биік жетістіктерінің бастауы – терең берілген тәлім-тәрбиемен байланысты екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, ел келешегінің жарқын болуы бүгінгі буынның тәлім-тәрбиесі мен дұрыс қалыптасуына байланысты екенін және жастар тәрбиесі қандай қоғамда немесе мемлекетте болмасын өзекті мәселелердің бірі екендігін айтты.

Сондай-ақ, кездесу қонақтары балалық шақ, жасөспірім және бүгінгі бой түзеген кезеңдері туралы баяндап, естеліктерімен бөлісті. Ал екінші кезеңде жастар тарапынан бірқатар сұрақтай қойылып, ұсыныстар айтылды. Мәселен, қала әкімі Е.Айтахановқа 7 сынып оқушысы әкім болудың жауапкершілігі туралы сұрақ қойып, өзінің де болашақта қала басшысы болғысы келетінін айтса, спортшы А.Оспановқа, жастар шаршы алаңдағы жеңіліске мойымаудың жолдары туралы білгісі келіп, қызығушылық тантты.

Оған қоса, жалпы саны 600-ге жуық жастар қатысқан кездесуде мектеп оқушылары тарапынан дәл осындай бас қосуларды білім ұяларында өткізу туралы ұсыныс айтылды. Өз кезегінде қала басшысы Е.Қуанышұлы бұл бастаманы қолдайтынын айтып, нәтижелі жиынның жалғасатынына уәде етті.