“Математикалық регата”: Шымкенттік мұғалімдер топ жарды

0
1 126

Шымкент қаласының ұстаздары республикалық олимпиадада III орынды иеленді.


“Математикалық регата”: Шымкенттік мұғалімдер топ жарды

28-30 наурыз күндері Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында математика пәні мұғалімдеріне арналған дәстүрлі «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық білім беру ұйымдарынан құрамы 4 адамнан тұратын 20 команда қатысты. Олимпиадада Шымкент қаласының намысын олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мұғалімі Ен Раиса Николаевна , №1 дарынды балаларға арналған IT лицей – интернатының мұғалімі Мирзахмедов Нурбол, №90 ДАБММГ мұғалімі Айдарбеков Елдос және Ы. Алтынсарин атындағы №65 м/г мұғалімі Садиров Жақсылық қорғады.
Олимпиада төрт кезеңді қамтыды. Қатысушыларға әр кезең бойынша ұжымдық жазбаша шешуді қажет ететін үш тапсырма ұсынылды. Байқаудың барлық кезеңінде білімі мен тәжрибесін дәлелдеген Шымкент қаласының ұстаздары республикалық олимпиадада III орынды иеленді.