Мемлекеттік бағдарлама: Шымкентте жыл басынан 300-ге жуық отбасы арендалық пәтермен қамтылған

0
761

Кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған.


Мемлекеттік бағдарлама: Шымкентте жыл басынан 300-ге жуық отбасы арендалық пәтермен қамтылған

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында 279 отбасы арендалық пәтермен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваеваның қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен брифингте мәлім болды.
«Шымкентте соңғы төрт-бес жылдықтарда құрылыс қарқыны артып, баспанамен қамтуда республикада көш басында келе жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. 2023 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, осал топтатағылар мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 324 арендалық пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта арендалық тұрғын үймен түрлі санаттағы 279 азамат қамтылып отыр. Жыл соңына дейін қалған 45 азамат қамтылатын болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға қосымша жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, әлсіз топтарға жалпы саны 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде», - деді басқарма басшысы.
Спикердің айтуынша, жыл басында кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Олар, «5-20-25» 701 пәтер, «2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» («5-10-20») бағдараламысы 62 пәтер.
2023 жылдың соңына дейін жаңа концепциямен «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылатын болады.