​«Мен көшбасшымын»: Шымкентте жастар арасында семинар-тренинг өтті

0
780

Тренингке Орталық Азия инновациялық университетінің І курс студенттері мен белсенді жастары қатысты.


​«Мен көшбасшымын»: Шымкентте жастар арасында семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығы мен Орталық Азия инновациялық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Мен көшбасшымын» атты семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты – енді ғана университет табалдырығын аттаған білім алушыларды белсенділікке шақыру, командалық ұйымшылдыққа үйрету, көшбасшылық қабілеттерін арттыру.

Тренингке университеттің І курс студенттері мен белсенді жастары қатысты. Тренинг барысында жастармен танысу сәті, квест және психологиялық ойындар, викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша қалалық фронт-кеңсесі жұмыс жасайды. Қаладағы 10-нан астам волонтерлік ұйымдармен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 30-ға жуық волонтерлік топтармен тығыз жұмыс атқарады. Оларда тұрақты түрде 4000-нан астам белсенді еріктілер жұмыс жасайды.

Аталған волонтерлік ұйымдармен волонтерлік топтармен «Жанға жылу» акциясы аясында қаладағы аз қамтамасыз етілген 1000-ға жуық отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорлары жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыларға баспана кілтін табыстады.

«Birgemiz:Saulyq» бағыты аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Мен донормын», «Дені саудың, жаны сау» акциялары аясында қаламыздың 4 ауданындағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты 80-ге жуық қарткісілердің қан қысымын өлшеп, керекті дәрумендер яғни, жеміс-жидектер жеткізілді. Сонымен қоса, «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша «Жарқын Болашақ», «Білімдінің күні жарық», «Blitth», акциялары аясында 20-ға жуық әртүрлі сала мамандарымен бірге мастер-класстар, тренинг жұмыстары ұйымдастырылды.