Өндірістік желілерді аралап, технологиялық үдеріспен танысып, кәсіпорын басшылығы мен жұмысшыларымен әңгімелесті.
ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Шымкент қаласына іс-сапары барысында «AZALA TEXTILE» тоқыма фабрикасынының
жұмысымен танысты
«Оңтүстік» индустриялық аймағының аумағында орналасқан «AZALA Textile» ЖШС шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар жобаны жүзеге асырып, елімізде тоқыма өнеркәсібінің табысты дамуының жарқын мысалы. Жобаның құны 4 992 млн теңгені құрайды, бұл кәсіпорында 494 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Сапар барысында Министр өндірістік желілерді аралап, технологиялық үдеріспен танысып, кәсіпорын басшылығы мен жұмысшыларымен әңгімелесті. Жылына 2,8 мың тн. иірілген жіп пен 14 млн. ж. м. мата шығаруға мүмкіндік беретін, сол арқылы ішкі нарықта да, халықаралық нарықта да өнімнің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін зауыттың өндірістік қуатына ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша Министр Өнеркәсіп комитетіне ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін маталарды жеткізу бойынша кәсіпорынмен ұзақ мерзімді офтейк келісімшарттарын жасасу мәселесін пысықтауды тапсырды.