Мұрат Әйтенов Ақжар тұрғын алабының халқымен кездесті

0
562

Сонымен бірге елді мекенді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарымен танысты.


Мұрат Әйтенов Ақжар тұрғын алабының халқымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Ақжар тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, олардың мәселесін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен бірге елді мекенді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарымен танысты.

Жергілікті тұрғындар Шымкент-Ташкент А-2 күре жолының бойында орналасқан қоқыс полигонының мәселесін көтеріп, ондағы жағымсыз иіс пен түтіннен тұрғындарға келетін зияндардан қауіптенетіндерін айтты.
Тұрғындардың өтінішіне жауап берген қала басшысы полигонға түсетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі күн сайын 550-600 тонна, жылына 200000 тонна екенін айтып, қоқыс полигонының жүктемесін азайту мақсатында қала аумағынан тағы бір қоқыс полигонын салу мәселесі бойынша инвестор қарастырылып жатқанын жеткізді.
2014 жылы құрылған полигонның аумағы 34 гектарды құрайды. Оның аумағында ауданы 5 гектар болатын қоқыс өңдеу зауыты орналасқан. Ал, зауытта сұрыпталған қалдықтар шұңқырға көміледі.
Сонымен бірге халық орталық және ішкі орамдық көшелерге асфальт, суағар және жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесінде көтерді.
Осы ретте әкім өткен жылы тұрғын алабтағы 8 көшеге шағал тас төселіп, екі көше жарықтандырылғанын, биылғы жылы 29 көшеге асфальт жол салынатынын мәлім етті.
Әкім тұрғындардың басқа да сауалдарына жауап беріп, оның шешілу жолдары бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Бес мыңнан астам халқы бар Ақжар тұрғын алабы сапалы электр, табиғи газ, ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Ал, 2021 жылы бюджет есебінен 3 спорт алаңша орнатылып, пайдалануға берілсе, биыл 1 спорт және 1 балалар алаңшасын орнату үшін қаржы қаралған.