Мұрат Әйтенов бірқатар жол құрылыс нысандарының жұмысымен танысты

0
305

Б.Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстарын тексерді


Мұрат Әйтенов бірқатар жол құрылыс нысандарының жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Б.Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында биыл 182 көше мен 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Қала әкімі М.Әйтенов жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады.
Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанның бірі – қала орталығындағы Б.Момышұлы көшесі. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы біткен. Бұл көшеде орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілген болатын.