​Мұрат Әйтенов қалалық ТЖД бастығын қабылдады

0
527

Мұрат Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді.


​Мұрат Әйтенов қалалық ТЖД бастығын қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ТЖД бастығын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде.
Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы, полковник М.Жаксибаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.
Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді.
Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кетуінен орын алған.
- Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды, - деді қалалық ТЖД бастығы М.Жаксибаев.
Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін М.Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. “2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу” іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрт тіркелмеген. Қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын 53 км және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2 сондай-ақ орман алқаптарында 300 км, 377 км егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылық қожалықтары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт- тактикалық оқу жатығу өткізілді.