Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ, 2023 жылы Шымкент қаласындағы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады. Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады. Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жеткізіледі.
Сонымен қатар, табиғи газбен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары жүргізіледі. Ал, Айкөл елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында 2024 жылы жобалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Одан бөлек, биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ /1-2 кезең, Бозарық 74 га, Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады. Қазір халық саны 11 мыңнан астам Асар-2 шағынауданын газдандыру жұмыстары 70% аяқталды. Ұзындығы 24,1 шақырым газ құбырының құрылысы толық аяқталғанда мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылады.
Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті. Сондай-ақ өзекті мәселелерді зерделей отырып, газдандыру жұмыстарын өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.