Мұрат Әйтенов тазалау қондырғысын салу жоспарымен танысты

0
650

Қала әкімі залалсыздандыру тұздарын уақытылы, мөлшерге сай шашып тұруға тапсырма берді.


Мұрат Әйтенов тазалау қондырғысын салу жоспарымен танысты

Үшінші мегаполистегі халық санының өсуіне, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының артуына, қала тазалығын сақтауға байланысты қала әкімі Мұрат Әйтенов тазалау қондырғысын салу жоспарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ, кәріз суынан шыққан қалдықтарды қазіргі аумақтан орнын алыстатуға және залалсыздандыру тұздарын уақытылы, мөлшерге сай шашып тұруға тапсырма берді.
Қазір қала аумағында жағымсыз иістерді бейтараптандыруға арналған «Ылғалды барьер» қондырғылары қалыпты жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ, жағымсыз иісті болдырмау үшін шұңқырларды тұзбен толтыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін кәріз суларын тазалау аумағын қоршай 2000 түптен аса көшет отырғызылып, тамшылатып суғару жүйесі құрылған. Аумақта жалпы ұзындығы 1100 метрді құрайтын қолданыстағы лай төсеніштерінің айналасына темірбетон қоршауын салу жұмыстары басталды. Жұмыс биылғы жылдың шілдесіне дейін аяқталатын болады.
Жоспарға сәйкес, 2024-2025 жылдары тазарту қондырғысының бүкіл аумағында толығымен 10 000-нан аса көшет отырғызылады.
Алдағы уақытта жағымсыз иіс тұрғындарға келеңсіздік тудырмас үшін еуропалық стандарттағы жаңа технологиялық тазарту қондырғысы қолданылатын болады. Сонымен қатар, қондырғының қуаттылығын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін арттыру, 50 мың текше метрге дейін тазарту үшін қосымша құрылыстар салу басты жоспарда.
Осыған орай, мамандар миллиондаған тұрғыны бар Берлин, Мәскеу, Ташкент секілді ірі қалалардың тазарту қондырғыларының жұмысымен тәжірибе алмасады.

Айта кетейік, Шымкентте "Жасыл қала" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жиын өтті. Аталған бағдарламаның мақсаты – қаланы көгалдандыру, агро-ауыл шаруашылығы белдеуін дамытып, сақтау және әлемдік мегаполистер тәжірибесі бойынша жаңа бау-саябақ мәдениетін құру. Ауқымды жоба мегаполистің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Орталық Азия бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінің қатысып, бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтады. Жобада жер, су ресурстарын тиімді пайдалану, ауаның ластануы, орталық жылу жүйесі, көлік кептелістері мен қалдықтарды залалсыздандыруға қатысты қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудің инвестициялық жобалары мен іс-шаралары қарастырылған.