Қала басшысы халықтың талап-тілектерін жіті зерделей келе бірқатарын қабылдау кезінде орындады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қабылдауға 200-ден астам азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар кездесу барысында тұрғын үй, жер кезегі сияқты түрлі әлеуметтік және инфрақұрылым мәселелеріне қатысты талап-тілектерін жеткізді. Әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдерімен қатар қаланың прокуратура, полиция өкілдері, тұрғындардың түрлі өтініштерін тыңдады.
Қала басшысы халықтың талап-тілектерін жіті зерделей келе бірқатарын қабылдау кезінде орындады. Сондай-ақ азаматтар тарапынан түскен өтініштердің барлығы да заң аясында шешілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, қабылдауға келген тұрғындарға түрлі салаларды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың шарттары туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, бірыңғай қабылдауға egov.kz, e-otinish порталдары арқылы жазылуға болады.