Мұрат Әйтеновтің есепті кездесуі Қаратау ауданында жалғасты

0
481

Кездесуге 400-ден астам халық, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.


Мұрат Әйтеновтің есепті кездесуі Қаратау ауданында жалғасты

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуі бүгін Қаратау ауданында жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге 400-ден астам халық, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысы Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Мегаполисте соңғы 9 айда атқарылған шаруа қыруар, маңызды аспект - қала бюджеті 2017 жылдан бері 4 есеге өсіп, 133 млрд теңгеден 583,5 млрд теңгеге артқан. Бұл қаржы әлеуметтің әлеуетін арттыруға, сондай-ақ маңызы бар нысандардың салынуына, денсаулық, білім, ауылшаруашылық сияқты түрлі салаларды дамытуға жұмсалуда.

Мысалы, биыл денсаулық саласы 100% компьютерлік техникамен қамтылды. Қазіргі таңда қалада 44 емхана, 4 көпсалалы аурухана, 22 компьютерлік томография, 14 магниттік резонанс томографиясы бар.

“Материалдық-техникалық базаны жаңғырту бойынша биыл жоспарды 79,2%-ға орындадық. Алдағы уақытта 6 емхана мен ПЭТ/КТ сәулелі терапия, 800 орындық университет клиника салуды көздесек, бұған қоса 200 орындық периниталдық орталық ашуды да жоспарлаудамыз”, - деді шаһар басшысы.

Бұдан өзге де оңды істерді қорытындылап, баяндама жасаған Мұрат Әйтенов Қаратау ауданының әкімі Р.Мулкемановтың 9 айда атқарған есебін тыңдады. Ол халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.

Бұдан соң тұрғындармен ашық диалог форматында сұрақтарға жауап берілді.

Айтып кетейік, қала әкімі М.Әйтенов жыл басынан бері мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 127 кездесу өткізді. Көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған.