Жаңа құрал көмегімен қалалық дәрігерлер жаңа туылған нәрестелердегі муковисцидоз (тұқым қуалайтын) ауруын тез анықтайды.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен балалар ауруханасы «Nanoduct» жаңа аппаратымен жабдықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Nanoduct» құрылығысы - жүйесінің миниатюралық компоненттері арқылы нәрестелерге оңай сәйкес келеді. Бұл тек нәрестелер үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген жастағы пациенттер үшін процедураны жеңілдететін толықтай интеграцияланған диагностикалық жүйе.
Жаңа құрал көмегімен қалалық дәрігерлер жаңа туылған нәрестелердегі муковисцидоз (тұқым қуалайтын) ауруын тез анықтайды және уақытылы ем-дом жасай алады.
Айта кетейік, осыған дейін бұл ауру түрін жергілікті дәрігерлер Алматы қаласындағы балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми зерттеу орталығына жолдама беру бойынша анықтаған.