Шымкент қаласының әкімі оңтүстік ақындарын қабылдады.
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова бастаған бірқатар ақындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған кездесу барысында кіл сөз дүлдүлдері айтыс өнері, әдебиет әрі руханият төңірегінде өрелі әңгіме өрбітіп, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру жайын талқылады.
Сонымен қатар, тараптар келесі жылы өтетін Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жайын сөз етті.
Сондай-ақ, кездесу соңында ақындар айтыс өнерін дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта Шымкент қаласында айтыс қайта жанданатынына сенімді екендіктерін жеткізді.