Подъездегі педофил: Бала сол күні апасының үйіне қыдырып келген

0
5 962

Туыстарының айтуынша, сол күні он бір жастағы бала апасының үйіне қыдырып келіпті. Келе сала есік алдында ойнау үшін далаға шығып кеткен.


Подъездегі педофил: Бала сол күні апасының үйіне қыдырып келген

иллюстрациялық фото: novosti-saratova.ru

ERNUR.KZ. Шымкентте он бір жастағы ер бала зорлықтың құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk-uko.kz арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнында тұрғындар топырлап жүр. Барлығы болған жәйттан секем алып қалған. Себебі, әрбір үйдің бала шағасы есік алдында алаңсыз ойнайды. Біз бет жүзін көрсетпеуді өтінген жан жәбірленуші баланың әжесі екен. Сол күні жұмысқа кетіп, немересін аулада ойнауға қалдырып кетіпті.

Туыстарының айтуынша, сол күні он бір жастағы бала апасының үйіне қыдырып келіпті. Келе сала есік алдында ойнау үшін далаға шығып кеткен. Міне, осы кезде күдікті оны алдап, подъезге кіргізіп, арам ойын жүзеге асырмақшы болған.

Жәбірленушінің апасы: «Жұмысқа барсам, үлкен балам звандап тұр. Мама қайдасыздар, баланы ер кісі ұрып кетіпті ғой, подеъездің алдында. Бет аузының бәрі қан-қан жылап отыр деді. Сонымен, ойбай деп келсем, мына жерде көршілердің бәрі жиналып қалған екен. Подъездің есігі постоянно ашық тұрады. Потому что кішкентай балалар бар. Есікті таспен тіреп қоямыз. Бала сол кезде үйге кірмей ақ қояйын, домофонмен айта қоямын деп домофонды басып тұрғанда анау артынан келеді ғой. Сөйтіп зорлықпен ішке кіргізеді. Есікті ішінен жауып қояды».

Бұл көрініс әлеуметтік желіге кеңінен тарап кетті. Онда әлгі күдіктінің жас баланы зорламақ болған әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Кенет сол маңда тұратын көрші әйел даладан ішке кіріп, азғынды байқап қалады. Сөйтіп, дереу қуып шығыпты. Күдікті оқиға орнынан ізін суытқанымен, көп ұзамай қолға түсті. Бейресми ақпарат бойынша ол 33 жастағы қала тұрғыны екен. Өзі ауру көрінеді.

Салтанат Қаракөзова облыстық ІІД-нің ресми өкілі: «Іздестіру барысында күдікті азамат ретінде сол күні тұлға ұсталды. Қазіргі таңда ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалған».

Осы жағдайдан кейін, жасөспірім дәрігерлік тексеруден өтіпті. Қазір, үйінде. Кешелі бері психолог мамандары жұмыс істеп жатыр. Жалпы, өңірде балалардың зорлықтың құрбаны болу дерегі алғаш тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін де Сарыағаштағы Абай ауылында 7 жастағы баланы зорланды деген ақпарат шыққан еді. Бірақ, қылмыстық іске қашан нүкте қойылатыны да әзірге белгісіз.