2019 жылдан бері Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алған
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының тәртіп сақшылары №4 балалар үйінің тәрбиеленушілермен онлайн-кездесу өткізді, деп жазады Polisia.kz.
Кездесу барысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына 2021 жылы оқуға үміткерлерді іріктеу, арнайы жолдама беру, құжаттар тізімін жинау, аймақтық әскери-дәрігерлік комиссиядан өту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ балаларға тергеушілер мен криминалистердің жұмыс ерекшеліктері туралы бейнеролик көрсетілді.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2020 жылғы түлегі Спандияр Зайнидин балалар үйінің тәрбиеленушілеріне полицейлердің жұмысы туралы айтып берді.
Еске сала кетейік, 2019 жылдан бері Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алған. Сол уақыттан бері полицейлер қамкөңіл балаларды қуантуға барынша атсалысып келеді.
Онлайн-кездесу соңында №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мекеме ұжымы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына қамқорлығы үшін алғысын білдірді.