«Рамазан қоржыны»: Шымкентте 700 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

0
594

Қайырымдылық акциясы 5 орында белгіленді.


«Рамазан қоржыны»: Шымкентте 700 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды

Қасиетті Рамазан айының екінші күнінде Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев қатысты.

Қасиетті Рамазан айында кәсіпкерлердің қолдауымен эстафета түрінде жалғасын тапқан шарада 700-ден астам мұқтаж отбасыларға ауызашарға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылды. Бұл игі бастама жалғасын табады, - деді Мұхамеджан Естеміров.
Еске сала кетсек, қайырымдылық акциясы 5 орында белгіленді. Атап айтқанда; «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «әл-Біләл» мешіттері.