Ретсіз сауда иелеріне берілетін жеңілдіктер белгілі болды

0
1 727

Төле би көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындарының ахуалы бірнеше жылдар бойы өзекті мәселеге айналған еді


Ретсіз сауда иелеріне берілетін жеңілдіктер белгілі болды

ERNUR.KZ. «Қырғы базардағы» ретсіз сауда иелеріне әлеуметтік орындар беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Төле би көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындарының ахуалы бірнеше жылдар бойы өзекті мәселеге айналған еді. Сауда қатарлары мен дүңгіршектер жаяу жүргіншілер жолын, сонымен қатар, үлкен жолдың бойын баса орналасып, жол-көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіретін.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімдігі ретсіз сауда иелері үшін 150 әлеуметтік орын беру туралы «Қырғы базар» ЖШС-нің басшылығымен келісімге келіп отыр. Келісімге сәйкес, аталмыш кәсіпкерлер алғашқы үш ай мерзімінде базар ішіндегі сауда орындарын жалға алудан және салық төлеуден босатылмақ.

Айта кетейік, бүгін Төле би көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындарының сүріліп жатқаны жайында хабарлаған болатынбыз.