Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан халықаралық туризм көрмесіне шымкенттік туристік компаниялар қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
22 мамырдан бастау алған үш күндік «Riyadh Travel Fair 2023» атты туристік жәрмеңкеге әлемнің кез-келген нүктесінен саяхатшылар жиналды.
Бұл тікелей рейстердің, визасыз режимнің, сондай-ақ бұрын өткізілген b2b кездесулердің арқасында Сауд Арабиясы азаматтарының Қазақстанға сапарлауға қызығушылықтың артуы болып саналады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Сауд Арабиясы қаржы және инвестиция саласындағы екі жақты байланыстың ауқымы жыл сайын артып келеді.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артуда. 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Бүгінде республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3-орында тұр. Оның ішінде ҚР азаматтары бойынша 4-орын, резиденттер еместер (шет ел азаматтары) бойынша 4-орында.