"Шахмат - ақыл-ой спорты": Шымкентте студенттер арасында тәжірибелік сағат өткізілді

0
482

Аталған шараның мақсаты - жастардың ойлау қабілетін арттыру және бос уақыттарын тиімді өткізуіне ықпал жасау.


Шымкент қаласында "Шахмат - ақыл-ой спорты" атты тәжірибелік сағат өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен өткізілді. Аталған шараға №6 Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі студенттері қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты - жастардың ойлау қабілетін арттыру және бос уақыттарын тиімді өткізуіне ықпал жасау.