Керуен 10 қаланы жүріп өтті.
Бүгін бір айдан бері республика өңірін аралап келе жатқан «Шахмат керуені» Шымкентке келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
10 қыркүйекте жолға шыққан керуен бұған дейін Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Семейден бастап, 10 қаланы жүріп өтті.
Керуеннің келуіне орай салтанатты шара өтіп, Қазақстан шахмат федерациясының Шымкент қаласындағы филиалы ашылды.
Қазақстан шахмат федерациясының маркетинг директоры Ернұр Советқалидің айтуынша, облыстық кезеңде оза шапқан I, II және III орын жеңімпаздарына 100 000, 50 000, 30 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ олар қараша айында Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Бас финалдың жүлде қоры – 5 000 000 теңге. “Одан бөлек, әр жартылай финалдың 3 қатысушысы «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже», «50 жастан жоғары үздік қатысушы» және «16 жасқа дейінгі үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталып, ақшалай сертификаттарға ие болады”,-дейді ұйымдастырушылар.
Керуен идеясы саудамен қатар, елдердің мәдени және спорттық мұрасын әлемге танытқан Ұлы Жібек жолына негізделген.
Екі ай ішінде еліміздің 18 аймағын аралап жүріп, турнир өткізетін автокеруен соңы қараша айында Түркістан қаласында қорытындыланбақ.