"Шымкент - адалдық алаңы" жобасының бір жылдығы қорытындыланды

0
1 364

«Шымкент - адалдық алаңы» жобасы 2018 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.


«Шымкент - адалдық алаңы» жобасы бойынша 2019 жылы атқарған жұмыстар қорытыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталмыш жобалық кеңсе қызметінің бағыты сыбайлас жемқорлық көптеп кездесетін және әлеуметтік маңызы бар салаларда кешенді талдау негізінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылдануына бағытталған.

«Жобаның негізгі мақсаты халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Қоғамның барлық жағдайдан хабардар болуы үшін, жабық мекемелердің жұмысын халыққа таныстыру мақсатында арнайы жоба құрдық. Яғни, қоғамдық бақылау жұмысы барысында мониторинг жұмыстарын жүргіздік.» - дейді «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кенсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев.

Айта кетсек, қоғамдық бақылау жүргізу нәтижесінде ҰБТ уақытында талапқа қарсы әрекет жасаған оқушылар тесттен шығарылған. Мәселен, 2019 жылы 69 оқушы шығарылса, 2020 жылдың қаңтар айының өзінде олардың саны 235-ке жеткен.

«Қоғамдық бақылау жүргізу үшін халық көп жүретін қоғамдық орындарға барамыз. Ондағы өзекті мәселлердің бірі – халыққа қызмет көрсету орталықтары.Яғни, онда ылғи адамдар кезек күтеді немес компьютерлердің жетіспеушілігі орын алып жатады. Мысалы, қаратау ауданындағы ХҚКО-да 3 қана компьютер бар. Сол 3 компьютерге қаншама халық кезекке күтіп, уақыттарын кетіреді. Мниторинг кезінде у-шу болып жатқан жағдайға да куә болдық. Қала тұрғындары да өз наразылықтарын білдіріп жатады. ХҚКО –дағы компьютерлерді көбейту және e.gov электронды порталын жақсы меңгерген мамандарды жұмысқ ақабылдау туралы ұсыныс білдірдік. Ең маңыздысы, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде жұмыстар атқару керекпіз»,- дейді Ерасыл Төлебаев.