ШЫМКЕНТ: 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін шешіледі

0
821

Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.


ШЫМКЕНТ: 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін шешіледі

Шымкентте 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін шешіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді.
Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті.
Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдап пайдаланып келген болса, жеке меншік қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.
Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы Теңел Жақсымұратов нысанды қараша айында тапсырамыз деп отыр.