ШЫМКЕНТ: 2 мыңға жуық жұмыскердің жалақы қарыздары төленді

0
562

151,2 млн теңге көлемінде жалақы қарыздары төленіп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалды.


ШЫМКЕНТ: 2 мыңға жуық жұмыскердің жалақы қарыздары төленді

Шымкент қаласында 1959 жұмыскердің жалақы қарыздары төленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бес айдағы атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндады.
Мақсұт Пернебайұлының мәлімдеуінше, жыл басынан бері жұмыскерлерден 488 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілген. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 76 тексеру жүргізіліп, 89 заңбұзушылық анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша 4,1 млн теңге көлемінде 23 әкімшілік айыппұл салынып, 2,7 млн теңге айыппұл өндірілген.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 33 кәсіпорындағы 1959 жұмыскердің 151,2 млн теңге көлемінде жалақы қарыздары төленіп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 12 жазатайым оқиға тіркелді. Орын алған жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, полиция департаменті мен басқармаларға жолданды, – деді қала әкімінің орынбасары.