Шымкент: 2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтардың 24% пайызы сұрыпталған

0
1 018

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына әкелінген 199 мың тонна қалдықтардың «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС-ның зауытымен 24% пайызы сұрыпталып, 146 мың тонна бөлігі көмуге жолданды.


Шымкент: 2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтардың 24% пайызы сұрыпталған

Экологиялық бақылау нәтижесінде біршама экологиялық мәселелер шешімін тауып, қоршаған ортаға оң әсерін тигізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, Сайрамсу өзені бойындағы «Наурыз-25», «Фируз» ЖШС-нің, Бадам өзеніндегі «Н.А.Тулеметов» жеке кәсіпкерінің құм-тас карьерлерінде тас майдалау қондырғысынан шыққан өндірістік суларды өзенге және жер бедеріне рұқсатсыз тастау деректері анықталып, әкімшілік айыппұлдар салынды.

Қоршаған ортаға келтірілген экономикалық залал «Наурыз-25» ЖШС-гі бойынша 72,2 млн, «Фируз» ЖШС-гі бойынша 52,6 млн. және Н.А.Тулеметов» ЖК бойынша 6,3 млн теңге құрап, өндіруге сотқа талап арыздар жолданды.

Тоғыс елді мекеніндегі тұрмыстық ағынды сулардың Бадам өзеніне төгілу дерегі бойынша Шымкент қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына әкімшілік айыппұл салынып, 21,8 млн теңгені қоршаған ортаға келтірілген экономикалық залал өндірілген.

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына әкелінген 199 мың тонна қалдықтардың «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС-ның зауытымен 24% пайызы сұрыпталып, 146 мың тонна бөлігі көмуге жолданды.

Сондықтан, өңдеу зауытында қалдықтарды терең өңдеу бойынша технологияларды енгізу және қала аумағында қалдықтарды бөлек жинау үшін тиісті инфрақұрылымды дамыту ұсынылады. Бұл мәселені шешу мақсатында «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС-ның басшылығы мен Департамент арасында 2024 жылға дейін қалдықтарды өңдеу үлесін 80%-ға дейін жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды.

Құрылыс қалдықтарын сұрыптайтын арнайы полигон ұйымдастыру мәселесі Департамент бастамасымен «Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі 2020-2024 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына» енгізілді.