ШЫМКЕНТ: 2025 жылы жарықтандыру көрсеткіші 75%-ға жетеді

0
712

Биылмен қоса алғанда жарықтанған көшелер саны 324-ке артып, көрсеткішті 57%-ға ұлғайту көзделуде .


ШЫМКЕНТ: 2025 жылы жарықтандыру көрсеткіші 75%-ға жетеді

Шымкент қаласында жарықтандыру көрсеткіші 57 %-ға ұлғаймақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 1 758 шақырымды құрайтын 747 әлеуметтік маңызға ие көше бар. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Естеріңізде болса, былтырғы жылы 106 көше жарықтанып, жалпы жарық көшелер көрстекіші 43,4 %-ға жеткен-ді.

Биылмен қоса алғанда жарықтанған көшелер саны 324-ке артып, көрсеткішті 57%-ға ұлғайту көзделуде .

Жоспарға сәйкес, 2025 жылға 75%-ға жеткізу межеленген.

Айта кетейік, Шымкентте биылғы жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жалпы 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған болса, 200 - і сергек – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында.

Шаһар аумағында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қала ету мақсатында жыл сайын көшелерге және көп қабатты тұрғын үйлерге қойылып жатқан бейнебақылау камераларының саны артып келеді.

Бүгінде қала аумағындағы бейнебақылау камера саны 2020 жылығымен салыстырғанда 3 есеге артып, қосымша автоматтындырылған 32 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде қылмыстық оқиғалардың орын алу көрсеткіші 15,3 %-ға азайған.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің жіті бақылауындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте 2020 жылы 3 153, ал былтыр 3 177 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.

Жедел басқару орталығының техникалық базасы да жаңартылды. Нәтижесінде камераларды шолу 3 есеге артты. Сергек камераларына қарайтын 32 автоматтандырылған жаңа жұмыс орны құрылды. Бейнеқабырғаларға бұрын екі жүйе қосылған болса, енді олардың саны 8-ге өсті, яғни әлеуметтік нысандар, сергек, GPS карталар, пелко, ИНТЕГРА-С қосылды.