2020 жылдың 24 наурызынан бастап Түркістан көшесінің А.Байтұрсынов көшесі мен Д.Қонаев даңғылы аралығында уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымы қызметін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сол себептен 2020 жылдың 24 наурызынан бастап Түркістан көшесінің А.Байтұрсынов көшесімен Д.Қонаев даңғылы аралығында уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.