ШЫМКЕНТ: 300 азаматқа 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификаты беріледі

0
792

Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек.


ШЫМКЕНТ: 300 азаматқа 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификаты беріледі

Биыл Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы жергілікті бюджет есебінен бөлінген жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайтын, әр азаматқа 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификатын беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек.
Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алыну барысында және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде беріледі.
Тұрғын үй сертификаты үміткер тұлға, яғни өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесінде (жұбайы, зайыбы, кәмелетке толмаған балаларына) заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткіштен аспайтын (106336) cоңғы алты ай ішінде еңбек және кәсіпкерлік қызметтен орташа табысы болған жағдайда беріледі. Бұл қатарға зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы, және де өзге де міндетті аударымдар кірмейді.
Тұрғын үй сертификатын алуға Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қатыса алады.
Тұрғын үй сертификатына қажетті құжаттар тізіміне нысан бойынша өтініш, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат, соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама, жұмыс орынан анықтама, қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің соммасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты кіреді.
Тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау мамыр айына жоспарлануда. Айта кетерлігі, биылдан бастап «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойнша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы тиіс.
Тұрғын үй сертификаты 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 адамға жалпы сомасы 100 млн теңге көлемінде берілген болатын. Биыл бұл көрсеткіш соммасы едәуір артып отыр.