ШЫМКЕНТ: 5 мың орындық 14 жатақхана салу көзделіп отыр

0
1 995


ШЫМКЕНТ: 5 мың орындық 14 жатақхана салу көзделіп отыр

2018 жылы Шымкентте 439 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің есебінде мәлім болды. Былтырғы көрсеткішТІ 2017 жылмен салыстырғанда өсім 9% жеткен. Одан бөлек, «7-20-25» бағдарламасы аясында 114 азаматқа 1,1 миллиард теңге несие берілген.

Сонымен қатар, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясындастуденттердің жатақхана жағдайын жақсарту бойынша «Тұран» шағынауданынан 8 гектар жерге 5 мың орындық 14 жатақхана салу жоспарлануда. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер арқылы 200 және 500 орындық жатақхана салу үшін келісім-шарт жасалынған. Одан бөлек, Медицина академиясының өз қаржысы есебінен қолданыстағы ғимаратты 450 орындық жатақхана етіп қайта құрылады. Жалпы студенттерді жатақханамен қамту мәселесі 2021-2022 жылдары толық шешілетін болады.

«Бірінші - экономикалық өсім және халықтың табысын көтеру. Бұл көрсеткішке, сауда және логистика, сервис және туризм, баспана салу кіреді. Екінші -тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру. Бұл көрсеткішке, денсаулық сақтау, білім беру, қаланы абаттандыру кіреді. Осыған байланысты, қалада бірқатар жобалар іске асырылады»,-деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.

Мұнан өзге, көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша, «SСAT» әуе компаниясы Аэропорттың жаңа терминалының құрылысын бастайды. Сонымен қатар, желтоқсан айынан бастап «Шымкент – Дубай» бағытында тікелей әуе рейсі ашылса, «Шымкент – Қазан» бағытында әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізілуде. Ал, «Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жол вокзалын қайта құру жұмыстарын осы жылы бастайтын болады. Сондай-ақ, құны 23 млрд. теңге ұзындығы 31 шақырым «А-2» айналма жолын қайта құру және құны 21 млрд. теңге ұзындығы 21 шақырым Ташкент бағытындағы даңғыл құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек, биыл Байтұрсынов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары (3,4 км.) және Адырбеков көшесіне қайта құру жұмыстары басталды (3,7 км.).