ШЫМКЕНТ: 6 жасар қызды құтырған ит тістеп, елдімекенде карантин жарияланды

0
2 880

Қызды тістеген ит өліп қалған.


ШЫМКЕНТ: 6 жасар қызды құтырған ит тістеп, елдімекенде карантин жарияланды

Шымкент қаласында құтырған ит қауып алған кішкентай қыз бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқиға Тоғыс елді мекенінде он екінші маусым күні болған. Ертеңіне қызды тістеген ит өліп қалған. Мұны көрген бүлдіршіннің әкесі иттің мүрдесін ветеринар дәрігерге апарған. Мамандар иттің құтыру ауруын жұқтырғанын анықтаған.

Тоғыс елдімекенінде осы оқиғаға байланысты карантин жарияланған. Ветеринарлар әрбір ауланы тексеріп жүр. Жиырма бес қаңғыбас жануар атып тасталған. Зардап шеккен бүлдіршіннің үйіндегі ит те ветеринар мамандардың бақылауына алынған.

Айта кетейік, Тоғыс елдімекеніндегі карантин уақыты әлі екі аптаға созылады.

Ит тістеп, алайда дәрігерлерге дер кезінде қаралған бүлдіршін қыз бала рабиологиялық екпе салдырып жатыр.