Ералы Жумаханбетовтың атынан 100-ден астам азаматтарға грамота мен алғыс хаттар табысталатын болады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шешімімен 20 полиция қызметкері Алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратының жанында карантиндік режимге байланысты барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен аталмыш министрлікке қарасты жоғарғы оқу орнын аяқтап келген жалпы саны 67 бітіруші түлекке диплом және полиция лейтенанты арнаулы атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылы 15 маусымдағы №329 жеке құрам бұйрығымен 17 полиция қызметкері марапатталды. Оның ішінде 3 қызметкерге кезектен тыс арнайы шені, 1 қызметкерге атқарып отырған штаттық лауазымынан бір саты жоғары арнайы шені, 1 қызметкерге құрмет грамотасы, 1 қызметкерге құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін медаль, 4 қызметкерге үздік қызметі үшін төс белгі, 3 қызметкерге грамота, 3 қызметкерге алғыс хат, 1 қызметкерге алғыс жарияланды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың атынан 100-ден астам азаматтарға грамота мен алғыс хаттар табысталатын болады. Олардың ішінде Ішкі істер органдарының 10 ардагері, бес қоғамдық көмекші, 14 қала тұрғыны бар.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шешімімен 20 полиция қызметкері Алғыс хатпен марапатталды.