ШЫМКЕНТ: «7-20-25» бағдарламасы бойынша кезекке тұрғандардың құжаттары тексеріледі

0
477

Кезекке тұрған азаматтардың құжаттары арнайы коммисия арқылы тексеріледі


ШЫМКЕНТ: «7-20-25» бағдарламасы бойынша кезекке тұрғандардың құжаттары тексеріледі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Білісбеков Ерғали “7-20-25” бағдарламасы бойынша конкурстың өткізілу барысы туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Портал ашық әрі толық автоматтандырылған. Күні кеше өтінім тапсырған азаматтардың тізімі де жарияланды. Ендігі кезеңде арнайы комиссия барлық өтінімдерді зерделеп, құжаттарды тексеретін болады. Комиссияға өзім төрағалық етемін. Құрамына БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғамдық ұйым белсенділері енгізіледі,- деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.
Айта кетейік, аталған бағдарламаның өткізілу уақыты 2022 жылдың 11-15 сәуір аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша «Shymkent-baspana.kz» сайтында таңғы сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін өтінімдер автоматты түрде қабылданды.