Бұған дейін тұрғындар "қатырамыз деп қатырып кетеді" деп шенеуніктерге ренішін айтқан болатын.
Шымкент қаласы Бозарық ауылы мен Бозарық саяжайындағы автобус мәселесі шешіліп, жаңа қоғамдық көліктер уақытылы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкенттің шетіндегі Бозарық елдімекеніне бүгіннен бастап №171 бағыттағы жаңа 12 автобус 15-20 минут уақыт аралығымен жүре бастады. Ал, ауыл тұрғындары болса, басты мәселелерінің шешілгеніне қуанып сүйінші сұрауда.
Атап айтсақ, жаңа бағыттағы автобус «Бозарық – Еламан – Тұран – Қайнар – Ипподром – Зообақ – Тұлпар – Дендросаябақ – Нұрсәт шағынауданы – Айқап 1,2 – Дулати – Тоқыма фабрикасы – Кең баба – Орталық базар – АР3 – Темір жол вокзалы» бағыты бойынша қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін ауыл тұрғындары №71 автобусты аялдамада 1 сағаттан аса күтіп тұратынына шағымданып, ERNUR.KZ тілшісі арнайы барып танысып қайтқанын және жауапты басқарманың жақын арада жаңа автобустар жүргізетінін жариялаған болатынбыз.