ШЫМКЕНТ: 8000-ға жуық студенттің қатысуымен жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті

0
996

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолымен таныстырып, ұлт көшбасшысы жайлы естеліктерімен бөлісті.


ШЫМКЕНТ: 8000-ға жуық студенттің қатысуымен жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ҚР Тұңғыш Президент күні аясында «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» атты Жалпыреспубликалық ашық сабағы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға университеттің 8000-ға жуық студенттері қатысып, лекторлардың Елбасы жөніндегі дайындаған баяндамаларын тыңдады. Бұл жиын бұрыңғыдан өзге. Неге десеңіз, әр лектор өзіндігінше Елбасы жайлы сан түрлі ақпараттармен бөлісті. Лекторлар қатарында облыстық мәслихаттың депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер бар. Әр тұлға студенттерге жеке – жеке дәріс оқып, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолымен таныстырып, ұлт көшбасшысы жайлы естеліктерімен де бөлісті.

Мәселен, Шымкент қаласы Әл- Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов аталмыш университеттің құқықтану және заңтану факультеттерінің студенттерімен ашық пікір алмасты. Ұлт көшбасшысының өмір жолын, еліміз үшін атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жастарға бірқатар ақпарат таратты. Аудан әкімі тек мұнымен ғана шектелмей, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. Әрине, қазір жастар арасында жұмыссыздық мәселесі өте көп. Ал М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да білім алушы студенттердіңсауалдарының басым бөлігі мемлекеттік қызметке орналасудың амал-тәсілін білуге бағытталды.

Сондай-ақ, лекторлардың бірі – Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов те өз баяндамасында Тұңғыш Президент жайлы айтып өтті.

«Елбасы Ұлытау төрінде: «Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелерімізбұдан да керемет елде өмір сүретініне сенімдімін» деген болатын. Ұлт көшбасшысының ұлы арманы халқымыздың арман тілегімен ұштасып, ақиқатқа айналтыру сіз бен біздің қолымызда! Бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі саяси, әрі мемлекет қайраткері атанған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасын танып білу бүгінгі ұрпаққа парыз деп санаймын», - деді Бахадыр Нарымбетов.