Биыл Құрсай шағынауданында ауыз су құрылыстары жүргізіліп жатыр.
Үшінші мегаполисте инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Абай ауданында 2021 жылы 8 елді мекеннің тұрғындары ауыз сумен, сапалы электр жарығымен қамтылған. Ал биылғы ақпан және наурыз айларында табиғи газ беріледі. Бұл туралы Абай адуаны әкімі аппаратының бөлім басшысы Әбілқайыр Оңғар ауданда іске қосылған инфрақұрылымдық жүйелерді таныстыруға арналған баспасөз турында мәлімдеді.
– Қазіргі таңда аталған елді мекендерде ауыз су құрылысы толық жүргізіліп, абоненттерге ауыз суды үйлеріне қосу жұмыстары аяқталды. Ал Игілік, Көкбұлақ және Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ шағынаудандарында электрге тарту жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Аталған шағынаудандардың тұрғындары «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінен техникалық шарттарын алып, абоненттер сапалы электр қуатына қосылды. Қазіргі таңда Солтүстік Саяжай, Ынтымақ шағынаудандарына көгілдір отынның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. АГРС-3 станциясы алдағы ақпан және сәуір айларында іске қосылып, аудан тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады, - дейді бөлім басшысы.