Нәтижесінде жыл соңында аудандағы көшелердің жарықтандырылуы 11,5 пайызға өседі.
Шымкент қаласы Абай ауданында 8 айда 26 көше жарықтандырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік нысандар орналасқан аумақтарда түнгі жарықшамдар санын көбейту туралы аудан әкімдеріне тапсырма жүктеген болатын. Осыған орай аудандарда ауқымды шаралар жүргізілуде.
2021 жылға дейін Абай ауданындағы көшелердің 7 пайызы ғана жарықтандырылған болатын. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл жеті айда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 26 көшеге жарықшам орнатылды.
Жыл соңына дейін тағы 18 көше жарықтандырылады.
Олар: Зерделі көшесі Гагарин көшесінен-Водопьянов көшесіне дейін, Павлов көшесі, Спатаев, Темірлан тас жолы, Отарбаев, Алпамыс батыр, Өмешұлы көшесі, Алтынтөбе орталық көшесі, Н.Сүлейменов, Жаңаталап тұрғын алабы, Айдарқұл, Отырар көшесі, Бәйдібек би, Б.Исаханов, 1 Бадам көшесі, Бекболатов және Айшықты, Шалқаркөл, Есбол қажы көшелері.
Нәтижесінде жыл соңында аудандағы көшелердің жарықтандырылуы 11,5 пайызға өседі.