Шымкент: «Абай» саябағында ақын-жазушылар бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтті

0
1 164

Душанбе қаласына Шымкенттен 2200 кітап сыйға берілмек.


Шымкент: «Абай» саябағында ақын-жазушылар бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтті

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында «Абай» саябағында поэзия және әдебиет іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара барысында кітапхана, цирк, зообақ, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Мәдениет үйі және басқа да мәдениет мекемелерінің, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен жылжымалы театр перфоманстары, ақындар мен жазушылар, әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтті. Онда әжелер ансамблі әннен шашу шашып, түйемен керуеншілер жүріп өтіп келген көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сондай-ақ қалалық кітапханашылар кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды жаңа әдеби туындылармен таныстырды. Шараға зиялы қауым өкілдері қатысып, жас ақындар өлең оқыды. ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын алған Душанбе қаласына Шымкенттен 2200 кітап сыйға берілмек.
Айта кетейік, «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі 2020 жылғы 22 қарашада сағат 15.00-де тарихи-мәдени кешенде (Цитадель) онлайн форматта өтеді. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-тағы Bridge TV арналарында тікелей эфирде көрсетіледі.