Шымкент әкімдігі халықтан шағым айтуды сұрайды

0
1 304

Азаматтардың шағымы ыңғайлы болу үшін онлайн және офлайн түрінде де қабылданатынын атап өткен жөн


Шымкент әкімдігі халықтан шағым айтуды сұрайды

ERNUR.KZ. «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз». Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарына осындай қызметтік бағалау жүйесін ұсынып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шымкент қаласының әкімдігі азаматтардан қала әкімдігінің жұмысында көрініс беріп отырған олқылықтар жөнінде толық ақпар беруді сұрайды. Сонымен бірге, әкімдіктің де, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысын бағалау ұсынылады. Тұрғындар өз шағымдарын ғаламторда орналастырылған арнайы форманы толтыру арқылы қалдыра алады.

https://goo.gl/forms/YpnOQd0HY9PfYZPe2

Азаматтардың сауалға берген жауап нәтижелері әкімдіктің міндеттерін ашық жариялаудың негізін құрайды, ол жергілікті атқарушы органдар үшін халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша өз қызметінің басымдықтарын айқындауға арналған нұсқаулық есебінде болмақ.

Азаматтардың шағымы ыңғайлы болу үшін онлайн және оффлайн түрінде де қабылданатынын атап өткен жөн.

Онлайн сауалнамадан бөлек, қала аумағында тұрғындардың шағымдарын қабылдайтын 10 орын бар:

1. М.Х.Дулати (К.Маркс) аялдамасы, 2. ХҚКО (Қажымұқан стадионы); 3. «Шымкент Плаза» ойын-сауда орталығы; 4. «Мега» ойын-сауда орталығы; 5. Жұмыспен қамту орталығы; 6. «Самал» базары; 7. «Алаш» базары; 8. Жайлаукөл саябағы; 9. Солтүстік аялдамасы; 10. Имран супермаркеті.