Шымкент әкімі жарақат алған тәртіп сақшыларының жағдайын білді

0
642

Жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген азаматтардың 48-і тәртіп сақшылары.


Шымкент әкімі жарақат алған тәртіп сақшыларының жағдайын білді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен халін білу үшін ауруханаға барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әкім қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін алғыс айтып, сын сағатта ешбірі шет қалмай, ел тәуелсіздігі үшін бірлесе жұмыс жасағанын жеткізді. Сонымен бірге тез сауығып отбасыларына оралуын тілеп, қызметтік борышын жалғастыруын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша наразылық кезінде жалпы 120 адам медициналық көмекке жүгінген болса, оның 48-і ауруханада ем алуда. Науқастардың 5-і жан сақтау бөлімінде.
Жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген азаматтардың 48-і тәртіп сақшылары. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан екі құқық қорғау органының қызметкерлерінің жағдайы бір қалыпты.
Еске салайық, көтеріліске байланысты еліміз бойынша төтенше жағдай режимі енгізілді. Коменданттық сағат тәртібінің орындалуын полиция, сондай-ақ арнайы мобильді топтар қадағалауда. Қалада ахуал тұрақты, жағдай құзырлы органдардың бақылауына алынған. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау нысандары, балабақшалар, азық-түлік сататын нүктелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.