ШЫМКЕНТ: Ақпараттық-насихаттық топ «Asia Тrafo» жұмысшыларымен кездесті

0
997

2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді.


ШЫМКЕНТ: Ақпараттық-насихаттық топ «Asia Тrafo» жұмысшыларымен кездесті

ҚР Президентінің Жолдауы бойынша ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Шымкенттегі «Asia Тrafo» зауытының жұмысшыларымен кездесіп, маңызды құжаттың мән-маңызын түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық диалог, ашықтық және адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару секілді маңызды мәселелер қозғалған жолдауды Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева түсіндіріп, еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыру керек екенін айтты.

«Қазақстанды өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет. Бұл – Елбасы айқындаған саяси бағыт-бағдарымыз», - деді қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Данияр Дәрмен өз кезегінде Жолдауда Президент микро және шағын бизнес саласындағы компаниялардың табысына салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырғанын атап өтті.

«Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енуі керек. 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді», - дейді Д.Дәрмен кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге жасалатын жағдайды қысқаша баяндап.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне ерекше көңіл бөлініп, түрлі қолдау көрсетіліп жатыр.