ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

0
1 717

Кеңсе мемлекеттік қызметтің заманауи стандарттарына сай келетін технологиялық инфрақұрылыммен жарақтандырылған.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

Сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кеңсенің салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов пен қала әкімі Ерлан Айтаханов, Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков, қалалық және аудандық соттардың қызметкерлері қатысты.

Атап айтсақ, жаңа фронт-кеңсе кеңейтілген зал, мемлекеттік қызметтің заманауи стандарттарына сай келетін технологиялық инфрақұрылыммен жарақтандырылған. Оның іші үш аймаққа бөлінген, бұлар – ақпараттық орталық, келіп түсетін іс-қағаздары аймағы және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы. Мұнда бекітілген меморандум аясында қызмет көрсететін медиатор мен адвокат кабинеттері орналасқан.

Сондай-ақ, кеңсеге кіреберісте сотқа келушілер қажетті құжаттарды ұсына алады. Тиісінше, кеңсе қызметкерлері әр келушіге қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, келушілер медиаторға немесе адвокатқа бару туралы кеңесті де осы жерден ала алады.