Бүгінгі таңда 19 жоба бойынша 24 көшеге жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 24 көшеге ирригациялық жүйелер салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірінші кезекте ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелер тізімі анықталды.
Бүгінгі таңда 19 жоба бойынша 24 көшеге жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Атап айтқанда,
1. Сәуле шағынауданы Зерде көшесі;
2. Сәуле шағынауданы Көксай-2 көшесі;
3. Сәуле шағынауданы Ақмешіт көшесі;
4. Сәуле шағынауданы Бөген көшесі;
5. Сәуле шағынауданы Жеңістің 50 жылдығы көшесі;
6. Сәуле шағынауданы Жаңабазар көшесі;
7. Сәуле шағынауданы Тұмарлы көшесі;
8. Бадам шағынауданы Таусамалы көшесі;
9. Бадам шағынауданы Қажымұқан көшесі;
10. Бадам шағынауданы Қарабастау көшесі;
11. Бадам шағынауданы (Тобыл көшесі, Балдаурен көшесі, Айкөл көшесі);
12. Бадам шағынауданы Макаренко көшесі;
13. Бадам шағынауданы (Забадамский көшесі, Абат көшесі);
14. Бадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы;
15. Ескі қалашық (Шымкентский көшесі, Хаят көшесі, Амангелды көшесі) ;
16. Көк сай-1 Анарова көшесі;
17. Шәймерденов көшесі мен С.Азимов көшелерінің қиылысына;
18. Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысына;
19. Республика даңғылы 19б үй аумағынан Қошқар ата өзеніне дейін.
Айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 31 мекенжайға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізіледі.
Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды.
Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде. Қалған 31 мекенжайға арық орнату 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.