«Шымкент Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі

0
407

Оқу іс-шарасын өткізу барысында шектеу шаралары, оның ішінде автокөліктің қозғалысын шектеу де қарастырылған.


«Шымкент Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі

23 қараша күні ҚР Антитерротеррористік орталығының бастамасымен антитерротеррористік іс-қимылдарға қарсы «Шымкент Антитеррор-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шымкент қалалық жедел штабы мүшелерінің, олардың жедел топтары мен арнайы бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы, терроризм актілерінің жолын кесу барысындағы жағдайды бағалаудағы іс-жүзіндегі дағдылары мен шеберліктерін арттыру.
Жаттығулар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолдана отырып, жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған. «Шымкент Антитеррор-2021» оқу іс-шарасын өткізу барысында шектеу шаралары, оның ішінде автокөліктің қозғалысын шектеу де қарастырылған.